«Ақтөбе» Түркияда косоволық ұжымды қапы қалдырды

 «Ақтөбе» Түркияда косоволық ұжымды қапы қалдырды

«Ақтөбе» футбол клубы Түркияда өтіп жатқан ОЖЖ аясында екіннші жолдастық матчын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Косовоның «Гиляни» командасына қарсы өткен матч 2:0 есебімен ақтөбелік ұжымның пайдасына аяқталды. Екі гол да бірінші таймда соғылды: Артур Шушеначев пен Айдин Желькович мергендігімен көзге түсті.

Николай Костов шәкірттері үшін бұл матч оқу-жаттығу жиынындағы екінші кездесу болды. Бұған дейін «Ақтөбе» Чехияның «Баник» клубына 0:3 есебімен жол берген еді.

Келесі бақылау матчы 28 қаңтарда Черногорияның «Морнар» командасына қарсы өтеді.

Ресми: Луиш Нани «Ақтөбе» ойыншысы атанды

«Қайрат» Лондондағы матч алдында мәлімдеме жасады

«Тобыл» франциялық ойыншысымен келісімшарт мерзімін ұзартты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или